АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Қытайдан велосипедпен шыққан қандастар Астанаға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Думан Мәдетханұлы мен Оразай Алтынбекұлының саяхаты сәуір айында басталған. Қос қандас үш мың шақырымды артқа тастап келді. Веложорықтың мақсаты - бала күнгі армандарын іске асыру, екі ел арасындағы достықты нығайту.
Қандастар веломарафонды үш жыл бұрын жасаймыз деп ойлаған. Бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдыруға тура келді.
"Осылай қандастарыммен бірге келіп, тебіреніп, не дерімді білмей тұрмын. Табиғаты болсын, адам осы жердегі қандастарымыз болсын, сондай бір бауырмал, қазаққа тән мейірбандылық бауырмалдылық бар екені осы жерде көзім жетті", - дейді Думан Мәдетханұлы.