Елордада тағы екі көше жөндеуге жабылды

Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
"Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Егемен Қазақстан және Ғабдуллин көшелерінде орташа жөндеу жұмысын бастады", - делінген хабарламада,
Осыған байланысты 16-28 маусым күндері аралығында Егемен Қазақстан көшесінің Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Сонымен қатар, 17-21 маусым аралығында Ғабдуллин көшесінің А.Иманов көшесінен Речный тұйығына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.