Оқиға

Бөлімшеде тек қызметкерлер ғана бар – Kaspi банк

Sputnik
АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Қазіргі уақытта бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ, деп хабарлады Kaspi-дің баспасөз қызметі.
" Қазіргі уақытта бөлімшеде тек банк қызметкерлері ғана бар, бөлімше ішінде клиенттер жоқ", - делінген банк хабарламасында.
Полиция қаруланған ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатыр.
"Кез келген ақпаратты таратуда жауапкершілікпен қарауды және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін", - деп атап өтті банктегілер.