Оқиға

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының 6 адамы көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Атырауда жол апатынан бір отбасының 6 адамы – ерлі-зайыптылар мен олардың екіден 10 жасқа дейінгі төрт баласы көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
18 маусым күні сағат 9:10 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолы тұсында Lada Priora және Yutong автобус ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik.
Оқиға салдарынан 1985, 2013, 2016, 2019, 2021 жылғы жолаушылар оқиға орнында көз жұмса, Lada Priora автокөлігінің 1982 жылғы жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болды. Қаза тапқандар – төрт баласы бар ерлі-зайыптылар, яғни бір отбасы, - делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуіп жатыр.
Атырау облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды