Адамдарды кепілге алған басқыншы ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Банк бөлімшесінде тұрғындарды кепілге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицияның баспасөз қызметі алдымен төрт кепілге алынған адамның босатылғанын хабарлады, кейінірек барлық кепілге алынған адамдардың босатылғанын айтты.
Банктің қыздарын жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті.

"Kaspi банк ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Барлық кепілге алынғандар босатылды. Кепілге алынғандар полиция шабуылынан кейін босатылды. Барлық қызметкерлер шығарылды", - делінген полиция хабарламасында.

Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ.
Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың айтуынша, ғимаратта жеті адам кепілге алынған.
Оқиға
Банк бөлімшесінде шамамен жеті адам кепілге алынған – ішкі істер министрлігі