Оқиға

Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Sputnik
ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 маусым – Sputnik. Жетісу облысында Subaru Forester автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып, екі адам көз жұмды, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.
Жол апаты маусымның 15-інен 16-сына қараған түні Панфилов ауданында болған.
Сарыөзек-Көктал автожолының 99 шақырымында Subaru автокөлігі Shacman жүк көлігімен соқтығысқан.
"Апат орнында жапондық шетелдік көліктің 50 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Оның 45 жастағы жолаушысы да ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Зардап шеккен төрт адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша сараптама жасалып, сотқа дейінгі тергеу басталды",-деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды