АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Швецияның жоғарғы соты Қазақстанның ұлттық банкіне аппеляция құқығын беруден бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әділет министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 2013 жылы желтоқсан айында Халықаралық сауда палатасының Стокгольм арбитражы Қазақстан Республикасына қарсы шешім шығарған болатын.
"Қазақстан бұл шешімге екі рет шағымдануға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Стати, шешімді мәжбүрлеп орындау жөніндегі науқан шеңберінде 2017 жылы Ұлттық Қордың қаражатына тыйым салынды, оның мүдделерін Ұлттық Банк білдіреді", - дейді министрлік мамандары.
Ұлттық Банк Брюссель соты арқылы Швецияда аталған қаражатты өндіріп алуға шектеу қойды. Биыл шілде айында тиісті шешім шығарылады. Ал 2023 жылдың 16 қаңтарында Швецияның апелляциялық соты Ұлттық Банкке апелляциялық өтінішхат берілген Ұлттық Қордың қаражатына қатысты мәжбүрлі атқарушылық шаралардың күшін жоюдан бас тартты.
"2023 жылы 14 маусымда Швецияның Жоғарғы Соты Ұлттық Банкке шағымдану құқығынан бас тартты. Қазақстан шешімнің күшін жоюға арналған жұмыстарды жалғастырады", - делінген ресми хабарламада.