Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге қаражат жинау аяқталды

Sputnik
АСТАНА, 17 маусым - Sputnik. Абай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат жинау аяқталды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Ақ Ертіс" қоғамдық қорының өкілдері Абай облысының Бородулиха ауданындағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қаражат жинау және гуманитарлық көмек көрсету үшін қол ұшын созған еліміздің барлық тұрғынына алғыс білдірді.
Қордың мәліметінше, барлық қазақстандықтың бірігуінің арқасында бірнеше күн ішінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығының отбасына жан-жақты көмек көрсету үшін жеткілікті қаражат жиналған.
"Сондықтан алаяқтардың қандай да бір алыпсатарлық әрекеттеріне жол бермес үшін "Ақ Ертіс" қоғамдық қорының жоғарыда аталған мақсаттарға қаражат жинауы аяқталғаны туралы хабарлаймыз", - делінген қордың хабарламасында.
Жиналған қаражатты бөлу кезінде объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін тиісті уәкілетті комиссиялармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қор көмек көрсетуде бірыңғай тәсілді әзірлейтін болады.
Абай облысында 15 адамның өмірін қиған алапат өрттің оқшауланғаны туралы 15 маусымда хабарланған болатын.
Абай облысындағы орман өрті
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды