QazaqGaz бен Газпром Өзбекстанға газ тасымалдау туралы шартқа қол қойды

Sputnik
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. "QazaqGaz" бен "Газпром"арасында Өзбекстан тұтынушылары үшін Ресей табиғи газын тасымалдау туралы шарт жасалды. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Құжатқа Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында қол қойылды.
Сонымен қатар Ресей мұнайының транзитіне қатысты үкіметаралық келісімдер ұзартылды.
"Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері ПХЭФ барысында 2033 жылдың соңына дейін 10 миллион тоннаға дейінгі көлемді ұлғайта отырып, Ресей мұнайының транзиті бойынша үкіметаралық уағдаластықтарды ұзартты", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ газды жеткізу, өңдеу және тасымалдау саласындағы ынтымақтастық талқыланды.