Форумның пленарлық отырысында Ресей президенті Владимир Путин дәстүр бойынша экономика, саясат, сауда және экономикалық бағдарлар туралы баяндама жасайды.
Пленарлық отырыстың бір бөлігі пікірталас форматында өтеді, оның аясында форум қонақтары: Алжир мен Армения президенттері, Оңтүстік Осетия басшысы, Куба премьер-министрі сөз сөйлейді.
Форум 14-17 маусым аралығында Санкт-Петербургте өтіп жатыр. Форумның басты тақырыбы – "Егеменді даму – әділетті әлемнің негізі. Болашақ ұрпақ үшін күш біріктірейік".
Форум аясында араб әлемі, Үндістан, Қытай, ЕАЭО – АСЕАН, Латын Америкасы және БАӘ шетелдік серіктестерімен іскерлік диалог форматында алты екіжақты іскерлік іс-шара өткізу жоспарланған.