Павлодар әкімінің орынбасары ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар қаласы әкімінің орынбасарын ұстады.
"Ол жол жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы шарттың жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалиақбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген Антикор хабарламасында.
Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.
Бұрынғы вице-министр Әлтаев ай сайын 5000 доллар пара алып келген - Антикор