Екібастұз жылу энергетикалық орталығының төбесіндегі плита құлады

Sputnik
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ның Екібастұз жылу энерергетикалық орталығының төбесіндегі плитасы құлады, жеп хабарлайды энергетика министрлігі.
Плита жұмыс істеп тұрған қазандықтың үстіне құлаған. Оқиға кеше сағат кешкі бес шамасында болды.
"Темірбетон плитаның құлауынан ешкім жарақат алған жоқ. Плитаның құлау аймағындағы барлық жөндеу және пайдалану жұмыстары тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін, 11 маусымда жөнделетін №7 қазандық аумағында бүйір қоршау конструкцияларының 8 темірбетон плитасы құлаған болатын.
Бүгін қазандықтардың үстіндегі шатыр конструкцияларына зерттеу жүргізу жоспарланған, оның нәтижелері бойынша жұмыстарды қайта бастау туралы шешім қабылданады.
Екібастұзда ЖЭО-дағы апаттан кейін тұрғындардың жаппай кетуін мамандар жоққа шығарды