Билік бұрынғы шетелдік компаниялардың жаңа ресейлік иелерін қолдайды – Путин

Sputnik
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Билік Ресейдегі бұрынғы шетелдік компаниялардың жаңа ресейлік иелеріне қолдау көрсетеді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында.
"Бізбен бірге қалған, жұмыс істеп жатқан және жұмыс істеуге ниетті шетелдік компанияларды да отандық өндірушілердің қатарына қосамыз", - деді Путин.
Шетелдік компаниялар Ресейге қайта оралғысы келсе, мемлекет әрқашан есігін айқара ашады.
"Біз ешқашан ешкімді өзіміздің нарықтан, экономикамыздан қумадық. Керісінше, мұндай қадамның оң және теріс жақтарын таразылап, ықтимал салдары туралы мұқият ойлануды ұсындық. Біздің әрбір серіктесіміздің таңдау құқығы болды", - деді ол.
"Егер шетелдік өндірушілер біздің нарыққа қайтадан оралғысы келсе, ешкімге есікті жаппаймыз. Әрине, бәсекелестіктен ешкім қорықпайды, олпрогресс пен сауданың қозғалтқышы екені белгілі, біз оларға Ресейде жұмыс істеу үшін қажетті жағдайдыжасаймыз", - деді ол.
14-17 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр.