АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Биыл 15 маусымда елордадан Алакөл курортты аймағы бағытында "Астана- Достық" №257/258 бағдары бойынша алғашқы пойыз жөнелтілді.
"Пойыз аптасына екі рет: астанадан – жексенбі, бейсенбі сайын, Достық станциясынан – дүйсенбі және жұма сайын қатынайды. Пойызға 346 жолаушы сияды. Бағдардың Астанадан Алакөлге дейінгі ұзындығы 1399 км. Пойыз жолда - 21 сағат 45 минут жүреді", - делінген хабарламада.
"Қазақстан теміржолы" ҰҚ мәліметінше, вагондар ауа желдеткішпен жабдықталған. Жолаушылар үшін vputi.kz мультимедиялық ойын-сауықтық порталы қолжетімді.
Пойызда ерекше қажеттілігі бар жандар үшін гранд класындағы вагондар, вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. Билет құны вагон класына қарай 17 мың теңгеден басталады.