"Семей орманында" ағаш кесіліп жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік

Sputnik
АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Семей орманы" резерватында ағаш кесіліп жатқаны туралы бейнероликке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты ақпаратына сәйкес, орман өрті шарпыған алқаптарда ағашты кесіп, әкетіп жатқаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған видео шындыққа жанаспайды. Өртті сөндіруден басқа барлық жұмыс тоқтатылды, соның ішінде орманды кесу және шығару да бар",-делінген хабарламада.

Семей орманы қалай өртенді – үш нұсқа қаралып жатыр