АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Олжас Сәкенов Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді.
Тараптар 500 ғалымға арналған ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ Олжас Сәкенов "Болашақ" халықаралық бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтып берді.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендігін білдірді.