АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
"Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды", - делінген хабарламада.
Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.
"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді", - деп хабарлады ведомстводан.
Қәзіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Айта кетері, Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары 2021 жылдың желтоқсан айында Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынған еді. Сол кезден бері Қайсар Сарытайды Қазақстанға экстрадициялау рәсімі жүзеге асырыла бастаған.