Семей орманындағы өрт: дала жағдайындағы асхана тәулік бойы жұмыс істеп тұр - видео

Sputnik
АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Абай облысында өртті сөндіруге қатысып жатқандарды ауқаттандыруға арналған дала жағдайындағы асхананың қазаны тәулік бойы оттан түспейді.
Шатырлар Успенка ауылында тігілген.
"Қазанда ыстық тамақ пісіріп, өрт сөндірушілерге беріп жіберміз. Алты сағаттық ауысым кезекшілікке тұрады. Бір кезекшілікте 10-15 қазан тамақ дайындаймыз", - дейді Бародулиха ауданының ТҮКШ бөлімінің басшысы Елдар Қоңырбаев.
Содан кейін ас өрт ошақтарына көлікпен жеткізіледі. Оның айтуынша, күніне 1000-нан аса адамға ас әзірленеді.
1 / 4

Успенка ауылындағы дала жағдайындағы асхана

2 / 4

Успенка ауылындағы дала жағдайындағы асхана

3 / 4

Успенка ауылындағы дала жағдайындағы асхана

4 / 4

Успенка ауылындағы дала жағдайындағы асхана

Айта кетері, Абай облысында төрт учаске әлі де өртеніп жатыр: Поднебесное ауылында, Шүлбі кентінде, Жерновка ауылында және Каштак орманшылығы.
Абай облысындағы орман өрті
Бас прокурор президентке Абай облысындағы өртті тергеу туралы баяндады