Семей орманы қалай өртенді – үш нұсқа қаралып жатыр

Sputnik
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті туралы іс бойынша үш нұсқа қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Осы қылмыстық іс бойынша біз барлық нұсқаны қарастырып жатырмыз. Біріншісі – орман қорын сату үшін қасақана өртеу; екіншісі – отты абайсыз қолдану, яғни адами фактор; үшінші нұсқа – табиғи сипаттағы себептер (мысалы найзағай). Осы нұсқалардың бәрі қаралады", - деді Өмірәлиев мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін бас прокурордың орынбасары орман өртіне байланысты министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеген еді. Абай облысындағы орман өрті 8 маусымда басталды. Тілсіз жаумен күрес әлі жалғасып жатыр. Өрт салдарынан 14 орманшы қаза тапты. Күні кеше тағы бір ауыл тұрғынының мәйіті табылды.
Алапат өрт: Бас прокуратура Ильин, Ахметов, Ұранхаев және Сүлейменовадан жауап алады