Қазақстанның солтүстігі мен шығысында үсік жүреді

Sputnik
АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында үсік жүреді, деп хабарлайды Казгидромет.
Синоптиктер 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында күн бұлтты болады. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Жел мен шаңды дауыл күшейеді.
"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа температурасы түнде 2-10 градус қана жылы болады. Сынап бағанасы 2 градусқа дейін төмендеп, топырақ бетінде үсік болады. Ал күндіз 20-28 градустан біртіндеп 25-32 градусқа дейін жоғарылайды", - дейді синоптиктер.