АСТАНА, 14 маусым - Sputnik. Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды", - делінген хабарламада.
Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.