АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. 10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, деп хабарлады Polisia.kz.
Жоғалып кеткен 1987 жылы туған Сергей Архиповтың денесі полицияның қызметтік итінің көмегімен табылған еді.
Зорлық-зомбылық белгілері, сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғанын көрсететін белгілер табылмаған.
"Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адамның өлімі кардиомиопатия салдарынан болғаны анықталды", - делінген хабарламада.