Қоғам

1 шілдеден бастап "Семей орманы" қызметкерлерінің жалақысы өседі

Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова келесі айдан бастап "Семей орманы" резерваты орманшыларының жалақысы өседі деп уәде берді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Министрдің айтуынша, ведомствоның жоспарында жалпы орман шаруашылығы саласын қаржыландыруды біртіндеп ұлғайту көзделген. Экология министрлігінің басшысы төрт жыл ішінде арнайы техника паркі жаңартылып, өртті ерте анықтау жүйелері орнатылатынын атап өтті.

"Үкіметте орман шаруашылығын материалдық қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Біз орманшылардың барлық қажеттіліктері бойынша жағдайды талдап, қосымша қаржы сұрайтын боламыз", - деді Сүлейменова.

Абай облысындағы орман өрті
Жаңа министр Абай облысындағы өртті аэровизуалды тексерді