АСТАНА, 12 маусым - Sputnik. Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтында жеке және жұптық сын бойынша рейтинг жаңартылды.
"Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орыннан үшіншіге көтерілді. Бұл – оның спорт мансабындағы ең үздік көрсеткіші", - деп хабарлады республиканың теннис федерациясы.
Юлия Путинцева өз позициясын жеті позицияға жақсартты. Ол қазір әлемдік классификацияда 51-орында. Ал жұптық рейтингте үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 25-орыннан 24-орынға көтерілді. Жібек Құламбаева 199-орынға жайғасты.
"Жаңартылған АТР рейтингінде Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик үздік елу теннисшінің қатарына еніп, 47-орынға тұрақтады. Тимофей Скатов 123 сатыға жоғары көтеріліп, 135-орынға жайғасты. Михаил Кукушкин де жоғарыды, ол қазір 252-орында. Бейбіт Жұқаев 69 позицияға түсіп кетті. Енді ол – әлемнің 256-ракеткасы", - деп атап өтт федерация.