АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.
Ол 1982 жылы дүниеге келген.
Білімі
2001 жылы – Бейжің тіл және мәдениет институтын;
2002 жылы –Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша;
2004 жылы – Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясы. "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша;
2013 жылы – MBA Hult international business school (Дубай) бітірген.
Еңбек жолы
2004-2005 жж. – "ТопЮрАудит" ЖШС бас директорының орынбасары;
2005 ж. ақпан-тамыз – ҚР индустрия және сауда министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы;
2007-2013 жж. –Қазақстан Республикасы президенті хаттамасының сарапшысы;
2011 жылдан – "Қасиетті Жол" қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы;
2013-2015 жж. – "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары - партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі;
2017-2019жж. – Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры;
2019 ж. – "Nur Otan" партиясы жанындағы отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы;
2019-2021 жж. – Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының басшысы;
2021-2023 жж. – парламент мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты.