Президент Аружан Саинды қызметінен босатты

Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", - делінген өкім мәтінінде.

Айта кетері, Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылдың 18 шілдесінде тағайындалған болатын.
Еске сала кетейік, 1 маусымда мемлекет басшысы Аружан Саинді қабылдаған еді.
Кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Саясат
Тоқаев Аружан Саинды жаңа қызметке тағайындады