Абай облысындағы орман өрті

Абай облысындағы өрт: қазіргі ахуал қандай

Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов осы сағатқа дейін Абай облысындағы өртпен күрес туралы айтты.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.
"Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрт таралуының күшеюі ықтимал. Бірақ бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдар жеткілікті", - деді министр.
Министр шығыс бағытты ұшып бақылау кезінде өрт таралып жатқаны анықталғанын айтты. Алайда өртті тоқтату бойынша нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.
Өрт басталғалы көлемі 3 000 тоннадан асатын барлығы 1 017 су төгу жұмысы жүргізілді.
Өрттің жалпы ауданы 60 мың гектар, оның 43 мың гектары жанып жатыр.