АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Абай облысында Дөлен орман шаруашылығының тракторшысын іздестіріп жатыр. Ол өрт сөндіруге шыққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жергілікті пабликтерге тараған ақпаратқа сәйкес, 36 жастағы Сергей Архипов 9 маусымда өрт сөндірушілерге көмектесемін деп шыққан. Бірақ әлі күнге дейін байланысқа шықпады.
"Іздестіруге көмек беруді сұраймыз. Трактордың нөмірі — F 937 ARE. Шақыру белгісі — "Марал 61". Қаштаққа "Семей орманы" Дөлен филиалынан өрт сөндіруге барған", - делінген хабарламада.
Жоғалған тракторшы туралы ақпарат болса, +7 771 582 2159 телефонына хабарласуға болады.
Айта кетері, бұған дейін Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқан 14 адамның денесі табылды. Барлығына мемлекеттік награда тағайындалды. Марқұмдардың отбасыларына арнайы жәрдемақы төленеді.