АЛМАТЫ, 10 маусым - Sputnik. Шымкент қаласы Тұран-1 ықшам ауданында 9 сынып оқушысының мәйіті табылды, деп хабарлайды қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
16 жастағы жасөспірім С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сыныбында оқыған.
"Сайды Медет Спатайұлы 2023 жылы 8 маусымда таңғы сағат 08.40-де белгісіз жағдайда қайтыс болды. Толық отбасында тәрбиеленген. Әкесі - күзетші, анасы - балабақшада тәрбиеші. Отбасындағы төрт баланың кенжесі. Оқушының тәртібі жақсы", - дейді ведомстводағылар.
Дәрігерлердің қорытындысы негізінде оқушы ерекше (инклюзивті) білім алған. Бүгінгі таңда медициналық сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.