Елорда тынысы

Астанада 186 мыңнан аса оқушы жазғы демалыспен қамтылады

Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев биыл балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылатынын айтты.
Қала әкімдігі жазғы кезеңде балалардың шамамен 98%-ін қамтуды жоспарлап отыр, бұл – 1-ден 10-сыныпқа дейінгі 186 мыңнан астам бала, оның ішінде тұрмысы төмен және жетім балалар шамамен 10 мыңды құрайды.
"Қаланың білім беру ұйымдарының базасында 155 демалыс лагері, оның ішінде 85 мектеп жанындағы лагерь, 68 бейіндік лагерь, 2 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейді. Балалардың жазғы демалысы екі бағытта ұйымдастырылады: сауықтыру және бос уақытын тиімді пайдалану", - деді Сенғазыев.
Бірінші бағыт бойынша "Арман" және "Боровичок" лагерлері жұмыс істейді. Сонымен қатар, қалада экскурсиялық демалыс лагерлері ұйымдастырылады.
"Демалыс лагерлерінде, экскурсияларда және туристік сапарларда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылданды: барлық білім беру нысанында бейнебақылау, дабыл түймелері орнатылды, ТЖД, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесіп оқыту жүргізілді", - деп толықтырды басқарма басшысы.
Ол ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.
Оқушылар үшін ұйымдастырылатын шаралардың сапасы сын көтермейді – премьер-министр