АЛМАТЫ, 10 маусым - Sputnik. Ақмола облысы Ақкөл қаласында екі жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды 716.kz аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
15 жастағы Анастасия Мац пен 14 жасар Элеонора Аяшеваны іздеп, Ақмола полициясы екі аяқтарынан тік тұрды. Олармен қоса іздеу жұмыстарына еріктілер қосылды.
"7-8 маусым күндері Ақкөл ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған екі қыздың хабар-ошарсыз кеткені туралы өтініш келіп түскен. Жасөспірімдер балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері. Қыздардың "индрайвер" қосымшасы арқылы көлік тауып, Астанаға қарай кеткені анықтады. Сол күні жедел уәкілдер "Мерседес" маркалы автокөлік жүргізушісін тапты, ол кәмелетке толмағандарды елордаға апарып, "12 ай" дүкенінің маңында қалдырғанын айтқан", - дейді ведомстводағылар.
Қыздар ұялы телефондарын өшіріп тастаған. 9 маусымда кешке Ақкөл ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру нәтижесінде қыздарды Астанадағы жалдамалы пәтерден тауып, үйлеріне қайтарды.
Жасөспірімдерге қатысты заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді және олардың мінез-құлқын бақылау күшейтілді.