Қостанайда 22 жастағы спорт шебері қайтыс болды

Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қостанай облыстық спорт басқармасы спорттық гимнастикадан Қазақстанның спорт шебері Аян Молдағалиевтің дүниеден өткенін хабарлады.
22 жастағы спортшы 6 маусымда қайтыс болған. Бірақ өлімнің себебі туралы ақпарат жоқ.
"Спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері Аян Молдағалиевтің дүниеден өткенін өкінішпен хабарлаймыз. Ол атақты спортшы болды және мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетті", - делінген ресми хабарламада.
Аян спорттық мансабын 2007 жылы бастап, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Халықаралық турнирлерге де қатысты. Ұлттық құрамаға қабылданды. 2018 жылы Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сол жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысып, алтыншы орыннан көрінді.
Ал 2019 жылы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты. Үздік бес спортшының қатарына енді. "Оның таланты, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы Қазақстанның көркем гимнастика тарихында өшпес із қалдырады.
Оның есімі және оның жетістіктері оны көрнекті спортшы және спортқа берілгендіктің үлгісі ретінде білетін және құрметтейтіндердің жүрегінде мәңгі сақталсын. Аянның отбасына, достарына және барша жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз", - дейді әріптестері. Бүгін Аянды ақтық сапарға шығарып салды.