Microsoft тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық бар – министр

Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Microsoft компаниясымен арадағы келісімшарт туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Оларда (Microsoft – ред.) үлкен қызығушылық бар. Компаия өкілдері форумға арнайы келді. Біздегі нарықтың әлеуетін көргісі келіп отыр. Әрине олар цифровизация министрлігімен және Бағдат Мусиннің өзімен кездесу өткізіп жатыр", - деді Қуантыров Астана халықаралық форумында.
Министрдің айтуынша, жақында өткен инвестициялық форумда ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Шара АҚШ-тың сауда палатасы және Қазақстанның сауда министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.
"Оларда қызығушылық болмаса, келмейтін еді. Біз өз тарапымыздан мұнай-газ саласы мен пайдалы қазбалар саласына ақша салып жатқан америкалық компаниялармен ғана емес, машина жасау, IT-индустрия мен инфрақұрылымды дамыту саласында әріптестік байланыстарын да орнатуға мүдделі екенімізді жеткіздік", - деп атап көрсетті Қуантыров.
Айта кетері, кеше Астанада Chevron, Exxon Mobil, General Electrics, Apple, Google, Microsoft, EPAM Systems, Boeing мен Honeywell компанияларының басшылары қатысқан инвестициялық форум өтті.
Астана халықаралық форумы
Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 28 млрд долларға жетті