АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Бүгін таңертең Маңғыстау облысында төтенше жағдай болды. "Қаратұрын Южный" кен орнында мұнай ұңғымасы отқа оранды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап.
Таңғы ағат 09: 00-де төтенше жағдайлар басқармасына "Қаратұрын Южный" мұнай-газ кен орнындағы өрт туралы ақпарат түсті. Ол жердегі жұмыстарға "Бозашы Мұнай" ЖШС жауапты.
"Өрт 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде пайда болған. 303 ұңғымадағы ашық газ субұрқағында газ-су қоспасының шығарылуы өрттің пайда болуына тікелей әсер еткен", - дейді мамандар.
Өртті сөндіруге 56 құтқарушы және 12 техника жіберілді. Апаттар медицинасы орталығының бір көлігі де барды.