Әлеуметтік желіде жоғалып кеткен 14 орманшы өлі табылды деген ақпарат тарала бастады

Sputnik
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өрт кезінде жоғалып кеткен орманшылықтың барлық 14 қызметкері өлі табылды деген ақпарат тарала бастады.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ растаған ресми деректерге сәйкес, орман шаруашылығында қаза тапқан үш қызметкер ғана табылды.
"Тек ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, Абай облысында орман өртеніп жатыр.
Бұған дейін ТЖМ үш орман шаруашылығы қызметкерінің қаза тапқаны туралы хабарлаған. Өрт ошағаны бірнеше облыстан қосымша кұш тартылды.
Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
Абай облысында қаза тапқан үш орман шаруашылығы қызметкерінің кім екені әлі анықталған жоқ