АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Тоқаев Тамара Дүйсенованы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады.
Ол бұған дейін еңбек министрі болған еді.
Бүгін президент Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатқан болатын.
Ол бұл қызметті былтыр 9 желтоқсаннан бастап атқарған еді.