Астана халықаралық форумы

Тоқаев: Қазақстан – шын мәнінде сенімді сауда-экономикалық серіктес

Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Қазақстан шын мәнінде сенімді сауда-экономикалық серіктес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Қытайды Еуропалық одақпен байланыстыратын орта дәліз немесе Транскаспий халықаралық көлік бағыты сауда мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
Айтуынша, бұл бағыт тауарды Үнді мұхиты арқылы тасымалдау мерзімін екі есе қысқартады.
Сондай-ақ экономикалық дамуға және өңірішілік бірігуге ықпал ететін "Бір белдеу, бір жол" бастамасында Қазақстан басты рөл атқарады.
"Біз мемлекеттер мен адамдар арасындағы физикалық байланысты нығайтуға, сондай-ақ серіктес әрі дос ретінде қоғамдастықтар арасындағы байланысты күшейтуге тырысамыз. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, бүгінде Қазақстан жаһандық, ең бастысы, шын мәнінде, сенімді сауда-экономикалық серіктес екенін айта аламыз", - деді Тоқаев елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумында.
Президент Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналатынын айтты.
"Көп жағдайда бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихына сай келеді. Біз осынау мұрамызды мақтан тұтамыз. Дәл осы үздіксіз тауар, мәдени жетістіктеріміз бен идея алмасу арқылы Қазақстанның өзіндік ұлттық бірегейлігі және оның ерекше көпжақты ынтымақтастыққа негізделген бренді қалыптасты", - деді ол.
Айтуынша, геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Орталық Азияда да экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр.
"Біз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз", - деп сендірді мемлекет басшысы.
Астана халықаралық форумы
Тоқаев экономикалық саясаттың қаруға айналып бара жатқанына алаңдады