Астана халықаралық форумы

Тоқаев экономикалық саясаттың қаруға айналып бара жатқанына алаңдады

Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемде блоктарға бөлінудің қайта басталғанын және оның қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біз БҰҰ құрылған сәттен бастап қалыптасқан әлемдік тәртіп негіздерінің бұзылып бара жатқанының куәсі болып жүрміз. БҰҰ баршамызды біріктіретін жалпыға ортақ жалғыз жаһандық ұйым болып қалып отыр. Алайда біз қауіпсіздік кеңесіне кешенді реформа жүргізбесек, сын-қатерлерге төтеп бере алмаймыз. Кеңестегі орта державалардың рөлін күшейтіп, олардың үнін анық ести білу керек", - деді президент елордада басталған Астана халықаралық форумында.
Оның айтуынша, коронавирустан бастап халықаралық қақтығыстарға дейін, соңғы жылдары болған жаңа дағдарыстар нәзік экожүйегі қауіп төндіріп тұр. Алайла бұл процестердің тамыры тереңнен басталады.
"Біз соңғы отыз жылда көрмеген блоктарға бөлінудің қайта басталғанын байқап отырмыз. Бөліну тек геосаяси сипат алмайды, экономикалық астары да бар. Экономикалық саясаттың өзі қаруға айналып барады. Мұндай текетірестер сауда соғысын, мақсатты түрде бағытталған борыш саясатын, қаржыландыру жүйесіне қолжетімділікті қысқарту немесе мүлде алып тастау, сондай инвестиция скринингін қамтиды. Мұның бәрі мемлекеттер арасында және ел ішінде әлеуметтік алаңдаушылықтың күшеюіне әкеп соғады", - дейді Тоқаев.
Астана халықаралық форумы
Елордада Астана халықаралық форумы басталды