Саясат

Сенаттың жаңа депутаты ант берді

Sputnik
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Сенаттың бүгінгі отырысында Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған депутат Әсем Рахметова ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Рахметова әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне кірді.
Айта кетері, 14 қаңтарда өткен сайлауда Солтүстік Қазақстан облысынан Гүлмира Кәрімова депутат болып сайланған болатын. 27 қаңтарда сенат Кәрімованың мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабар таратты.
2 маусымда қайтыс болған Кәрімованың орнына Солтүстік Қазақстаннан сенат депутатын сайлау ұйымдастырылды. Осы мандат үшін екі кандидат таласты.
Дауыс берудің нәтижесінде Amanat партиясының СҚО бойынша филиал басшысы Әсем Рахметова (74,4 процент) депутат болып сайланды.
Қоғам
Жуырда сенат депутаты болып сайланған Гүлмира Кәрімова қайтыс болды