АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Қостанайда 39 жастағы әйел студенттерді жезөкшелікке тартып, жеңгетайлықпен айналысқан, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қостанайлық 39 жастағы әйел әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы қалалық колледждердің бірінің жас студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
"Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізген, кейін ол қыздарға ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсетумен айналысатындықтарын айтқан. Қыздарды ол жеке күзеттерімен қамтамасыз етіледі деген. Әртүрлі жалдамалы пәтерлерде "клиенттер" тауып беруге, қысқа мерзімде жақсы табыс табуға уәде берген", - дейді деді Қостанай облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Серік Байғонов.
Жеңгетай 10-нан астам қызды жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Полицейлер қылмыс жасау тетігін және қылмыстың барлық қатысушыларын толық анықтаған.
Жалдамалы пәтерлер мен тұрғылықты жерлерге тінту жүргізу барысында жеке заттар, телефондар мен 5 млн.теңге ақшалай қаражат және 8 мың ресей рублі тәркіленді.
Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 308-бабы "Жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.