АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Үкімет рубльге қатысты банктердегі операцияларға шектеу қойған жоқ, деп хабарлады Қазақстанның қаржы вице-премьері - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Астана форум кулуарында.
"Егер банк секторы санкцияға қатысты немесе басқа да тәуекелге байланысты рубльге қатысты операцияларды жасамаса, демек ол өздерінің ішкі жұмысы. Ал үкімет тарапынан ешқандай кедергі болған жоқ", - деп түсіндірді Жамаубаев.
Айта кетері, бұған дейін "Ведомостиде" Қазақстан банктерінде ресейлік кәсіпкерлерден рубльмен төлемдерді қабылдамай жатқаны туралы ақпарат шыққан болатын.