АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Абай облысында пышақ жарақатынан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 6 маусымда болған.
"Облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жасар жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болған. Қайғылы оқиға жасөспірімдер арасындағы жанжалдан туындаған. Қылмыстық оқиғаға қатысты ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ведомстводағылар.
Жанжалдың қатысушылардың барлығы анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қараусыз қалған жасөспірім оқыс жағдайларға тап болады немесе құқық бұзады. Сол себепті ата-аналар балаларға бақылау мен жауапкершілікті күшейтіп, баланың қауіпсіздігін жіті назарда ұстаса дейміз", - дейді полиция.