Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АӘО: Украина армиясының қарсы шабуылы қалай орындалып жатыр

Sputnik
4-7 маусымдағы Украина армиясы шабуылының алғашқы үш күнінің қарқыны Украина Қарулы күштері қолбасшылығының Запорожье, сондай-ақ Артемовскт Белгород және басқа аймақтардағы негізгі шабуыл бағытындағы жоспарының құрдымға кеткенін білдіреді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің шабуылдаушы бөлімшелерінің бірінші эшелоны жойылды деуге болады. Киев шайқасқа екінші эшелон бригадаларын, артиллерия мен броньдалған техниканың барлық қалған резервін жіберіп жатыр. Ресей қорғанысы барлық майдан желісі бойынша мығым тұр.
Шабуылдың алғашқы үш күнінде ғана Украина барлық бағыт бойынша 3715 әскери қызметкерден, 52 танктен, 207 броньдалған техникадан, 134 автомобильден, бес ұшақтан және екі тікұшақтан айырылды. Киев режимі Запорожье бағытында Азов теңізі мен Қырым түбегіне өтуге тырысып, осы мақсатта резервтер мен ресурстарды шығындап жатыр. Орехов қаласына жақын жерде Украина Қарулы күштері алғаш рет Leopard 2A4 танктерін пайдаланды.
"8 маусымға қараған түні ресейлік әскер Запорожье бағытында шабуылдың бірнеше толқынын тойтарып, Украина Қарулы күштерінің 1000-нан астам жауынгері мен 30 броньдалған техникасын жойды. Жаппай оқ атуға арналған HIMARS және M270 жүйелерін ресейлік қорғаныс позицияларына тікелей қарсы пайдалану әрекеттерінің әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және Ресей әскери-ғарыш күштері авиациясының соққылары арқылы жолын кесілді", – деп жазды Хроленко.
Сарапшының пікірінше, Киевтің Украина әскерінің Артемовск аумағында "1100 метрге" ілгерілегені туралы жалған ақпараты және Каховка су электр станциясын қиратқаннан кейін Херсон облысындағы су тасқынының суреттері шабуылдың сәтсіздігін, Украина Қарулы күштерінің жеке құрамы мен техникасының шығынын аңғартып тұр.
Шындығында Артемовсктің бүкіл аумағы Ресей Қарулы Күштерінің бақылауында тұр. Клещеевка маңындағы украин бөлімшелерінің шабуыл жасаушы бірінші толқыны миналанған алқаптарға тап болды. Сол кезде екінші толқын келіп, Ресейлік артиллеристер мен авиаторлар қарсы тараптың шоғырлануын тиімді пайдаланды. Әскерилерден бөлек Украина Қарулы күштерінің 13 танкі мен броньдалған машинасы ашық далада отқа оранды.
Батыс украиналық шабуылды белсенді талқылағанмен, арнайы әскери операция аумағында өртеніп кеткен НАТО танктері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін елемй отыра алмайды. Жалпы Leopard 2 танктері пайдалану кезіндегі тиімсіздігін аңғартып тұр. Өйткені түрік армиясы Ирак пен Сирияда осы машиналарды жергілікті бүлікшілерге қарсы қолдану барысында үлкен шығынға батты.
Украина Қарулы күштері мен НАТО-ның Азов теңізіндегі шайқаста жеңілуінің ықтималдылығы артты. Алға жылжып келе жатқан әскердің бірінші эшелонының мүмкіндіктері толығымен таусылып, екінші эшелон ресейлік әскердің берік позицияларына тап болып жатыр. Сондықтан арнайы әскери операция аймағында Киев режимінің жаңа техногендік апаттары, альянстың жекелеген елдері әскерінің Батыс Украина аумағына кіруі немесе НАТО парламентарийлерінің бітімге келу туралы ұсыныстары пайда болуы ықтимал. The Hill басылымы "Украинадағы қақтығысты тоқтату Американың мүддесіндегі мәселе" деп хабарлады.
Ұлыбританиялық The Time газеті "16 айға созылған әскери қақтығыста украин армиясының қарсы шабуылы әскери іс-қимылдардың қалай аяқталатынын анықтайтын маңызды сәт болғалы тұр" деп жазды. Германиядағы Focus басылымы "Украинаның ауқымды шабуылы туралы ақпарат шындықты емес, әлі орындалмаған арманды аңғартады" деп хабар таратты. Украинаның қарсы шабуылының сәтсіздігі жүздеген миллиард доллар мен еуро салған АҚШ пен НАТО-ның "украин жобасының" күйреуін білдіретінін барлығы түсініп тұр. Сондықтан Батыс бүгінде Украинаға қауіпсіздік кепілдігін ұсынуға дайын емес. Пентагон қақтығыстың ұзаққа, бірнеше жылға созылатыны туралы бекерден-бекер ескерткен жоқ.
Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер кіші Роберт Кеннеди америкалық билік Киевті Ресейге қарсы текетіреске тартып, 350 мың украиналық жауынгердің көз жұмуына себепші болғанын мәлімдеді. Америкалық аналитиктер Ирак пен Ауғанстанда қарсылас эшелондандырылған қорғанысты тым жиі қолданғанымен, зениттік зымыран жүйелері, дәлдігі жоғары қанатты зымырандар, бесінші буынға жататын жойғыш ұшақтар, атомдық субмарина және қашықтығы шектеусіз термоядролық қару-жарақтың болмағанын еске салды.
"Ресей әскері Артемовсктен батысқа қарай шабуылын жалғастырып, Угледар және Марьинканы азат етуге әрекеттеніп жатыр. Украиналық "қарсы шабуыл" және жалпы ресейлік арнайы әскери операция қалай аяқталады? Украина Қарулы күштерінің виртуалды жеңістерінен кейін Киев капитуляция туралы келісімге қол қоюы ықтимал. Батыс Еуропадағы бейбітшілік үшін қымбат ақы төлеуге мәжбүр болады. Украинаның 1991, 2014 немесе 2022 жылдың басындағыдан түбегейлі өзгереді. НАТО шетелдік әскерді 1997 жылдағы шепке шығаруы керек болады. АҚШ үстемдік ету мәртебесінен айырылады. Әлем шын мәнінде көп полярлы және салыстырмалы түрде қауіпсіз болады. Батыс мүддесі үшін қайтыс болған жүздеген мың украиналық басқаларға сабақ болады", - деп жазылған материалда.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.