ҰҚШҰ аясында Қазақстан армиясы ешқайда бармайды – қорғаныс министрі

Sputnik
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның армиясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында өзге елдердің аумағында ешқандай әскери іс-қимылға қатыспайтынын және бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен сіздерге Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі барлық жауапкершілікпен мәлімдеймін: Қазақстанның Қарулы күштері біздің аумағымызда, бітімгершілік мәселелері бойынша ел аумағынан шығу көзделмеген. Біз бітімгерлік миссиясын тек БҰҰ бойынша ғана жүргіземіз. Бірақ ҰҚШҰ елдерінің аумағында орындамаймыз және ешқайда бармаймыз. Уайымдамасаңыздар болады, Қазақстан армиясы ҰҚШҰ аясында ешқайда бармайды", - деп сендірді Жақсылықов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Сондай-ақ ол биыл ҰҚШҰ аясында жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетінін айтты.
"Биыл біз келесі оқу жаттығуларды өткізу және оның орны туралы штабтық келіссөз жүргізіп жатырмыз. Келіссөз аяқталғаннан кейін хабар береміз. Біздің елдің аумағында биыл ҰҚШҚ желісі бойынша бірлескен оқу жттығуларды тек Қырғызстанмен, Өзбекстанмен өткіземіз", - деді министр.
Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техника жөнелтілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды