Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Сочиге барды

Sputnik
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Премьер-Министр Әлихан Смайылов ЕАЭО және ТМД аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына барды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы, көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралады.
Сондай-ақ теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру және ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланған.
ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамытып, ынтымақтастықтың бірқатар бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелері қаралады.
Іс-шаралар алаңында Әлихан Смайылов екіжақты кездесулер өткізуі мүмкін.
"Алаңдатарлық жағдай": премьер-министр шұғыл тапсырма берді