Экономика

Сатыбалдыұлының қонақүйі мемлекет меншігіне беріледі

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Қайрат Сатыбалдының бар мүлкі мемлекет меншігіне беріледі. Бұл туралы сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
"Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық төлемеу және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады", - дейді Антикор.
Залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс нысандары, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс көліктер мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі.
"Олардың қатарына 2021 жылдың қараша айында Сатыбалдыұлымен байланысты кәсіпорын сатып алған "Double Tree by Hilton Almaty" қонақүйі кіреді. Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталып жатыр", - деді ведомство.
Сатыбалдыұлы қазіргі уақытта түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
320 млн теңге жымқырған: Қайрат Сатыбалдыұлының туысына іздеу жарияланды