АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілдігін Антон Логинов басқарады.
Жаңа басшы туралы не мәлім
Ол бұған дейін Ресей Федерациясының Финляндиядағы сауда өкілі, Мәскеу облысының инвестициялар, өнеркәсіп және ғылым министрінің орынбасары болған.
Антон Логинов 1980 жылы 8 маусымда Венгрияның Дебрецен қаласында дүниеге келген.
Білімі
2002 жыл - М. В. Ломоносова атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. Бакалавр, "Қаржы және несие" мамандығы
2004 жыл - М. В. Ломоносова атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. Магистр, "Халықаралық бизнес" мамандығы
2019 жыл – Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, "Аймақты басқарудағы жүйелік тәсіл" бағдарламасы бойынша біліктілікігін арттырған.
Еңбек қызметі
2002 – 2007 жж. – Мәскеу қаласындағы "Русич Центр Банк" ААҚ-да әртүрлі лауазымдарда;
2007 – 2012 жж. – халықаралық өнеркәсіптік және сервистік кәсіпорындарда әртүрлі лауазымдарда;
2012 – 2013 жж. – Калининград облысының экономика министрлігі әлеуметтік-экономикалық дамуды стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы;
2013 – 2017 жж. – Мәскеу облысының сыртқы байланыстар/аумақтарды дамыту және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы
2017 – 2021 жж. – Мәскеу облысының инвестициялар, өнеркәсіп және ғылым министрлігі министрінің орынбасары.
2021 – 2023 жж. – Ресей Федерациясының Финляндиядағы сауда өкілі.
Биыл 27 сәуірден бастап Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілі.