Қазақстандықтар үшін ресейлік жоғары оқу орындарында квота 2 есеге артты

Sputnik
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Қазақстандық талапкерлер үшін ресейлік жоғары оқу орындарына түсуге квота биыл ғана екі есеге ұлғайды, деп мәлімдеді Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің басшысы Ольга Филонова "Sputnik Қазақстан"мультимедиялық баспасөз орталығының алаңында өткен дөңгелек үстелде.
Қазақстандықтар үшін ресейлік жоғары оқу орындарында квота 2 есеге артты
Оның айтуынша, өткен жылы Қазақстан үшін 500 квота бөлінген. Биыл бұл сан бастапқыда 700-ге дейін өсті. Бірақ қазақстандықтардың қызығушылығын ескере отырып, өткен аптада тағы 200 орынға квота берілді.
Жалпы келесі оқу жылына Ресей үкіметі Қазақстанға 900 орынға квота бөлгені белгілі болды. Ольга Филонованың айтуынша, көптеген қазақстандықтар Ресейдің жоғары оқу орындарында оқығысы келеді.
Елдер арасында географиялық байланыс болғандықтан, бұл мәселе өзекті болып қала береді, дейді Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің орыс филологиясы кафедрасының профессоры Жарқын Кенжебаева.
Қазақстандықтар үшін ресейлік жоғары оқу орындарында квота 2 есеге артты
"Біз тіл білімінің синтаксисіне немесе философиясына терең үңілу туралы айтып отырмыз", - деп атап өтті профессор.
"Біреу транскрипцияны қуана жасайды, бұл фонетиканың өте күрделі бөлімі. Қазақ тілді студенттердің өздері қызығушылық танытып келеді", - дейді ол.
Атырау университетінің профессоры Сания Камелованың сөзінше, тіл - адами қарым-қатынастың маңызды құралы.
Қазақстандықтар үшін ресейлік жоғары оқу орындарында квота 2 есеге артты
Бүгін БҰҰ алаңында Александр Сергеевич Пушкиннің туған күніне арналған онлайн-іс-шара өтті.