Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Уәкіл биыл 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады.
Артур Ластаевтың айтуынша, омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған. Жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарған.
Уәкілдің сөзінше, балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін ерекше назарда. Ол осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған.
Азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау маңызды екенін айтты.
Қорғаныс министрлігі әскери мектепте түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді