АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Вице-премьер Алтай Көлгінов елордадағы су тапшылығына қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, маусым айында қосымша су беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көлгіновтің айтуынша, қаланың кейбір аудандарында су тапшылығы бар. Қазір әкімдік бұл мәселемен айналысып жатыр.
"Бұған қоса, біз алдыңғы сорғы станцияларын қамтамасыз ету бойынша қосымша су құбырын салдық. Бұл су құбыры да аяқталды. Әкімдіктің ақпаратынша, маусым айында қосымша су беріледі", - деді вице-премьер үкімет кулуарында.
Осы орайда журналистер одан үйіңізде су бар ма деп сұрады.
"Мен тұрған үйде бар. Алматы ауданындағы көпқабатты үйде тұрамын", - деп жауап берді Көлгінов.